Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы жалғасуда

Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес, 2020 жылғы шілденің 17 – 18-і күндері сағат таңғы 09:00 ден кешкі 19:00 ге дейінгі аралықта «Жолда қабылдау» акциясы Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен мына мекенжайларда яғни «Достық» мөлтекауданында (Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы) және «Қайтпас-2» мөлтекауданы Қ.Төлеметов көшесі (бұрынғы Процессинг орталық) нөмірсіз үйде өткізіледі.

«Жолда қабылдау» акциясының ұйымдастырылуына байланысты Call-орталықтың +7 708 345 65 74 арнайы телефон нөмері жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ тұрғындар Полиция департаментінің ресми аккаунттарында фейсбук (https://www.facebook.com/profile.php?id=100027655879383) және Instagram (https://www.instagram.com/police_shymkent/) әлеуметтік желілері арқылы акцияның өту барысын тамашалап, өздерін толғандырған сұрақтарына онлайн форматында жауап алатын болады. Кең көлемді акцияның мақсаты – тұрғындарға заңдық тұрғыдан кеңес беріп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көші-қон заңнамасын сақтау, жүргізуші куәліктерін, автокөліктерді тіркеу, төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу сынды бағыттар  бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сала мамандары тарапынан кеңес берілмек.  

Айта кетейік, акция карантиннің барлық талаптарын қатаң сақтай отырып, өткізіледі. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру