Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддер тұрғыны жылыжайда марихуана өсірген: 500-ге жуық есірткі өсімдігі жойылды

Риддер тұрғыны жылыжайда марихуана өсірген. 500-ге жуық есірткі өсімдігі жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

«Қарасора» ЖПІШ өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамының бірінде орналасқан саяжайдың бірінде 63 жастағы Риддер қаласының тұрғыны марихуана өсірумен айналысатыны туралы жедел ақпарат алды.

Белгіленген мекенжай бойынша алынған ақпаратты тексеру кезінде ішінде жасырын 480 бұта есірткі өсірілген арнайы жабдықталған жылыжай табылды. Саяжай бойынша көршісінің осындай заңға қайшы іс-әркетке баратыны көршілерінің ойларына тіпті кіріп-шықпаған.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей, бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру