Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамдық полицейлер ұялы телефон ұрлығын ашты

Түркістан облысында ұрланған телефон иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ кезекші бөліміне Ордабасы ауданының тұрғыны саябақта құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде оның құны 40 мың теңге тұратын телефонын белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы шағымданған.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, одан ұрланған телефон алынып,  заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру