Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саран қаласында металл ұрылары ұсталды

Сарандық полицейлер металл ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қарашада Қарағанды облысы Саран қалалық ПБ патрульдік полиция взводы қала ішінде күнделікті қызметіне кірісті. Сағат 21.00-де полицейлер қала көшелерінің бірінің бойымен келе жатқан ауыр жүк көлігін байқады. Көлікті 33 жастағы жүргізуші басқарып, салонда үш жолаушы – 23-25 жас аралығындағы ер адамдар болған.

Полицейлер көлікті тексеру барысында металл бұйымдарын тапты. Ұсталғандар үйлерінің бірін ауласынан ұрлап кеткендерін мойындады. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің кім екенін анықтады – 60 жастағы ер адам, келтірілген шығын көлемін 200 мың теңгеге бағалаған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция ұсталғандардың осыған ұқсас бірқатар қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру