Сарыағаштық полицейлер ерлікпен қаза тапқан полицейдің немересін мерекемен құттықтады
Сарыағаштық тәртіп сақшылары қызмет бабында қайтыс болған полицейдің немересін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында ерекше іс-шара өткізілді.
Аудандық полицейлер 1988 жылы қылмыскерлерді ұстау барысында қайтыс болған Бақдәулет Елшинбековтың отбасына барып, оның немересін мерекесімен құттықтап қайтты.Қиын салада еңбек етіп, өзінің қызметін атқару барысында өмірден өткен полицей Бақдәулеттің отбасының, жұбайының жағдайын біліп, балаларға ойыншықтар таратты.
Б.Елшинбековтың отбасы мүшелері, әрбір мерекеде ұмытпай құттықтап келетін тәртіп сақшыларына үлкен рахметін айтты. Жұмыстарына табыс, дендеріне саулық, биік абырой тіледі.
Түркістан облысының полицейлері бүгінгі күннің батыры саналатын, халқына аянбай қызмет ете жүріп, ажал құшқан полицейдің есімін, оның отбасын, ұрпағын ұмытпай, әрдайым қолдан келгенше қолдау білдіріп отырмақ.