Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері мен «Динамо» спорттық қоғамы балаларды мерекемен құттықтады

Тәртіп сақшылары «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамымен бірге бүлдіршіндерді Балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, Алматы облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Біз жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларына қайырымдылық акцияларын ұйымдастырамыз. Биылғы кездесу карантинге байланысты ерекше өткізілді, себебі бұл жолы полицейлер балаларға өздері барып қайтты. Біз мерекелік атмосфераны қалыптастыруға тырыстық және балаларға әр түрлі спорттық құралдардан тұратын сыйлықтар да табыстадық, – дейді Алматы облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Ораз Жолдасов.

 

Әр ересек адам өскелең ұрпақтың игілігі, денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапты.

– Әр бала махаббатқа, қуаныш пен бақытты балалық шаққа лайық. Баршаңызды келіп жеткен, Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін. Балалар – біздің гүлденген Қазақстанымыздың кемел болашағының кепілі. Олардың жаңа биіктерді бағындырып, межелеген мақсаттарына жетуіне тілектеспін, – деп түйіндеді Жолдасов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру