Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер қос шетелдікті шекарадан өткізіп беремін деп алдаған күдіктіні ұстады

Сарыағаштық полицейлер қос шетелдікті шекарадан өткізіп беремін деп алдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті екі бірдей тұрғын арызданған. Жәбірленуші ер адамдардың айтуынша, танысы карантин режиміне байланысты Өзбекстан Республикасынан екі жұмысшыны шекарадан заңды түрде өткізіп беремін деп сендірген. Ақысына біреуінен 250 мың теңге, екіншісінен 240 мың теңге алған. Осыдан соң екі жыл уақыт өтсе де, күдікті жәбірленушілерге берген уәдесін орындамаған және ақшасын сол күйі қайтармаған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Сарыағаштық тәжірибелі полицейлер қылмысты дер кезінде ашу мақсатында алаяқты ұстауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдікті ретінде бұрын сотты болған ер адам ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру