Павлодар облысында «SOS» батырмасының арқасында жас жігіт аман қалды
Павлодар облысында «SOS» батырмасының арқасында жас жігіт аман қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының ішкі істер органдарын цифрландыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Павлодар облысында «Police 102» және «SOS» батырмасы мобильдік қосымшасы жұмыс істейді.
Әзірленген қосымшаның көмегімен өңірдің әрбір тұрғыны жасалған құқық бұзушылық немесе қылмыс туралы ақпаратты хабарлай алады.
«SOS» батырмасы – бұл шұғыл шақыру құрылғысы, онда дабыл түймесін басу арқылы көмек алу үшін полицияға жүгінуге болады. Дәл осы терминалды Тереңкөл ауылының 19 жастағы тұрғыны пайдаланды.
– Сағат 19.00 шамасында кезекші бөлімге Елгин көшесі бойынша орнатылған SOS терминалынан бейнеқоңырау келіп түсті. Ауыл тұрғыны Иван Самойленко хабарласып, жағалауда бір жас жігіттің өзін нашар сезініп, құлап жатқанын айтып, полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. Шақырту орнына Асан Акимов мен Данияр Жақсалықовтың құрамындағы автопатруль дереу жіберілді, – деді Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов.
Шақыруға келген полиция қызметкерлері жерде аяқ-қолы қарысып жатқан жас жігітті көрді.
– Ойланып тұратын мұрша болмады, мен жылдамдатып жедел жәрдем шақыра бастадым, ал Данияр Жақсылықов жас жігіттің басына зақым келмес үшін аздап көтеріңкіреп ұстады. Дәрігерлер тез келді, фельдшер Арыстан Сапарғалиев дәрігерге әкелісімен сұлық жатқан жігіттің есін жиғызып, жылдам қалпына келтірді, – деді Акимов.
Полиция басшылығы бұл әрекет туралы аудандық газеттен білді, оның бетінде Черныш отбасы ұлы мен ағалары Виталий Махиненконы құтқарғандардың барлығына алғыс білдіріп жазған екен.