Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарысу ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Ағымдағы жылғы 22 мен 24 желтоқсан аралығында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің тапсырмасымен Сарысу ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және ескерту болып табылады.

Осы мақсатта Сарысу аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды. Қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданды, тұрғын үй кешендерінің аулаларында, халық көп баратын немесе бос уақыттарын өткізетін орындарда жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді.

Осыған байланысты, барша тұрғындарды құқықтық тәртіпті сақтауға шақырамыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру