Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарысулық полицейлер жергілікті тұрғынның жоғалған телефонын тауып берді

Жаңатас қаласының тұрғыны учаскелік полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 наурызда Сарысу аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларына 32 жастағы азаматша хабарласып, жеке шаруаларымен жүргенде “Самсунг” маркалы ұялы телефонын жоғалтып алғанын айтып, көмек сұрады.

Учаскелік полицейлер дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, жоғалған ұялы телефонды 1-шағын аудандағы азаматшаның өзі барған орындардың бірінен тауып, иесіне қайтарды.

Осыған орай, Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрғыны Қанағат Баккулеева учаскелік полицейлерге алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру