Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта полицейлер жоғалған адамды аман-есен тапты

Сәтбаевта полицейлер жоғалған адамды аман-есен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қыркүйекте Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 60 жастағы қала тұрғыны хабарласып, күйеуінің жоғалып кеткені жайлы айтқан. Тәртіп сақшылары дереу жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, іздеу тобы құрылды.

Із-түссіз жоғалған ер адамды әйелі алғашында өзі іздеп көрген, уақыт өте келе полициядан көмек сұраған. Полиция қызметкерлері көршілерден, куәгерлерден сұрастырып, жан-жақты іздеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.

Бір аптаға жалғасқан іздеу жұмыстары өз нәтижесін беріп, жоғалған ер адам табылды.

Сәтбаев қаласының полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторлары Айбек Бимендин мен Нұрбек Қалиевтің кәсіби шеберлігі, үздіксіз іздестіру кезінде із-түссіз жоғалған азамат аман-есен үйіне оралды. Мән-жайды анықтай келе, жоғалған ер адамның таныстарына қыдырып кеткені белгілі болды. Жоғалған күйеуін тауып берген тәртіп сақшыларына қала тұрғыны шексіз алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру