Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саяжайдағы ұрлықтар ашылды

Ақтөбе облысы Алға ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері саяжай алқаптарында жасалған ұрлық деректерін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөліміне Алға қаласының 54 жастағы тұрғыны былтыр желтоқсан айының соңында белгісіз адамдар есігінің құлпын бұзып, Алға қаласынан төрт шақырым жерде орналасқан № 4 СК саяжайынан сыйымдылығы бес литр самауарларды және 10 дана шампурды ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған бау-бақша ұжымының күзетшісі анықталып, ұсталды. Ұрланған заттар тәркіленді.

Басқа жағдайда, Алға қаласында биыл наурызда 65 жастағы зейнеткердің саяжайының кіре беріс есігінің құлпын бұзу арқылы шойын плитасы мен колосник ұрланған. Қылмысқа күдікті ретінде Алға қаласының 39 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру