Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей қаласында кастетпен көшеде жүрген ер адам ұсталды

Семей қаласында кастетпен қаруланып, емін-еркін жүрген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Әуезов ПБ учаскелік полиция инспекторы суық қаруды сақтады деген күдікпен 18 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде жігіттің оң қалтасынан қорғасын кастеті табылып, тәркіленді.

Маманның қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат соққы мен ұсақтауға арналған қолдан жасалған суық қару болып табылады.

Жауап алу кезінде қаскүнем өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігі (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру