Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде полицейлер өзгенің көлігін айдап кеткен жігітті ұстады

Семейлік полицейлер тұрғынның автокөлігін ұрлап мініп кеткен жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Семей қаласы ПБ Әуезов полиция бөлімінің “102” жедел арнасына 23 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол түнгі уақытта сауда үйлерінің бірінің маңайында тұраққа қойылған оның “Лада Приора” автокөлігін белгісіз адам заңсыз иемденгенін хабарлады. Осылайша жəбірленушіге 1 500 000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілді.

– Патрульдік полиция батальоны ЖБО-ның бейнебақылау камерасының көмегімен 23 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді полицейлер.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру