Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сенат депутаттары қызметтік сапармен Шымкентке келді

Мемлекет басшысының “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында Шымкентке Сенат депутаттары келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Депутаттар құрамында ҚР Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеттің төрағасы Владимир Волков, комитет хатшысы Қанатбек Сафинов және комитет мүшелері Айнұр АрғынбековаНұрлан Бекназаров, Советбек Медебаев пен Ләззат Сүлеймен және Амангелді Толамисов бар. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдарының ресми өкілдері келді.


Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселесі бойынша бірқатар маңызды отырыстар өткізді. Іссапар барысында қалалық сот пен әкімдікте жауапты мамандармен кездесіп, Шымкент қаласы Полиция департаментіне арнайы барды.

Мегаполистегі №33 учаскелік полиция пунктінде қоғамдық кеңес мүшелерімен жүздесіп, Әл-Фараби ауданындағы “Сервистік полиция” пилоттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар мен көрсетілген нәтижелерді талқылады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков шаһар қауіпсіздігін қамтасыз етуге зор үлес қосып отырған 3 мыңнан астам бейнекамераны бақылайтын Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Келесі кезекте тарихи қазынаға бай музей ішін аралап, полицияның өткені мен бүгінінен хабардар болды.

Өз кезегінде ҚР Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеттің төрағасы Владимир Волков полиция жұмысына табыс тілеп, қалтқысыз қызметі үшін алғысын білдірді. Президент жолдауына сәйкес, тәртіп сақшылары ашық, қолжетімді, сенімді болу қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру