Шетелде жүрген ҚР азаматтары төлқұжатын қалай рәсімдей алады
Шетелде жүрген ҚР азаматтары төлқұжатын қалай рәсімдей алады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Егер сіз шетелде оқып жатсаңыз, жұмыс істесеңіз немесе тұрып жатсаңыз және сізге ҚР азаматының төлқұжатын алу/ауыстыру қажет болса, оған бола Қазақстанға қайтудың қажеті жоқ. Ол үшін сол елдегі ҚР елшілігіне немесе консулдығына хабарласып, келесі құжаттарды ұсынсаңыз болғаны:
– өтініш;
– жеке басын куәландыратын құжат:
– төлқұжатты ауыстыру үшін – ҚР азаматының төлқұжаты;
– 16 жасқа толмаған болса – туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты;
– өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті төрт дана фотосурет;
– шетелде тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу, отбасы жағдайы, денсаулық фактісін растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);
– консулдық төлем түбіртегі.
Қызмет көрсету мерзімі – 80 күнтізбелік күн.