Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көші-қон ережесін бұзған 7 африкалық азамат Қазақстаннан шығарылды

Алматы да “Мигрант” операциясы аясында көші-қон ережелерін бұзғаны үшін ел аумағынан 7 африкалық азамат шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Алматы қаласының полицейлері көші-қон ережелерін бұзғаны үшін ел аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімдерін орындаудан қашып жүрген шетелдіктерді анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

Іс-шараның үш күнінде көші-қон  заңнамасын бұзғандарды ел аумағынан шығару туралы 504 сот шешімі шықты. 62 шетелдік күштеп шығарылды. Олардың барлығына 5 жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Осылайша полицейлер Алматы қаласы әкімдігінің көмегімен Африка континентінің 7 тұрғынын азаматтық алған елдеріне күштеп шығарып жіберді.

Аталған шетелдіктер белгіленген мерзімде Қазақстаннан шықпай, еліміздің көші-қон заңнамасын бұзып, сот қаулысымен ҚР шегінен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Сонымен қатар полиция тәртіп бұзушы шетелдіктерді шақырған ұйымдарды әкімшілік жауапкершілікке тартып, 90 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ бұл ұйымдарға шығарып жіберуге жұмсалған қаражаттың орнын  толтыру туралы талап қойылды.

Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға шақырылған шетелдік азаматтардың елден уақытылы шығаруын ұйымдарсыру қажеттігін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру