Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер терроризмге қарсы сабаққа қатысты

Ақмола облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп бизнес басшыларына, атқарушы органдардың өкілдеріне, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшыларына ZOOM платформасында терреризмге қарсы онлайн-сабақ ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Курсқа мемлекеттік қызметкерлер мен бизнес өкілдерінен құралған 100-ден астам тыңдаушы қатысты.

Жиналғандарға террористік сипаттағы түрлі қауіптер туындаған кездегі іс-қимылдар реті үйретілді. Сондай-ақ жиында террористік тұрғыдан осал аймақ объектілерінің тізбесіне жаңадан енгізілген нысандар бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.

Меншік нысанына қарамастан объектілердің иелері мен басшыларына қызметкерлері үшін де, келушілер үшін де осындай объектілерде болудың қауіпсіз режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің тізбесі жеткізілді.

Онда нысанды заманауи күзет жабдықтарымен жабдықтауға, өткізу режимін қамтамасыз етуге, күзет фирмаларының қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын өткізуге қатысты іс-әрекеттер баяндалған.

Бұдан басқа, Ақмола облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әсет Жандарбеков, ҚР терроризмге қарсы қорғаныс, террористік қатынастардағы осал объектілер саласындағы заңнамасын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жалпы облыс аумағында террористік тұрғыдан осал 1080 объект орналасқан.  Полиция қызметкерлері жыл бойына олардың техникалық нығайту және барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексереді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру