Щучинск тұрғыны 17 жастағы баладан ақша бопсалаған
Щучинск тұрғыны 17 жастағы баладан ақша бопсалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қазан Бурабай АПБ кезекші бөліміне Щучинск қаласының тұрғынының қала колледждерінің бірінің 17 жастағы оқушысынан сол оқу орнының студенті ақшалай қаражатты талап ететіндігі туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 23 жастағы жергілікті тұрғын анықталды.
Бурабай АПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша 194-баптың 1-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.