Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қаладағы барлық мектептердің қауіпсіздігін тексерді

Алматы полициясы қаладағы барлық мектептердің қауіпсіздігін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов журналистермен кездесуде мәлімдеді.

– Ресей Федерациясының Қазан қаласында болған қайғылы оқиғаларды ескере отырып, Алматы қалалық ПД аудандық білім бөлімдерінің өкілдерімен бірге, қаладағы 207 жалпы білім беру мекемелеріне тексеріс жүргізді. Тексеру 4,5 мыңнан астам бейнебақылау камералары, сондай-ақ күзет агенттігіне дабыл беретін дүрбелең түймелері орнатылған және жұмыс істейтін барлық жалпы білім беретін мектептердің 100% қамтыды. Сонымен қатар білім беру мекемелерін мамандандырылған күзетпен қорғауға ерекше назар аударылды, – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру