Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 450-ден астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ШҚО-да 450-ден астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мигрант” жедел алдын алу шарасын өткізудің төрт күні ішінде халықтың көші-қоны туралы заңнамасын бұзғаны үшін 464 шетелдік (ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 21 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды.
Қазақстан Республикасының 192 азаматы өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетел азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргені үшін 26 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жедел алдын алу шарасы аясында қос азаматтықты иемденуі бойынша үш факт анықталды.

10 маусымда Шемонаиха ауданы көші-қон қызметі қызметкерлерімен құжатты тексеру кезінде Ресей Федерациясы азаматшасының жеке куәлікті пайдалану фактісі анықталды.

– Азаматша 2020 жылы көрші мемлекеттің азаматтығын қабылдап, Қазақстан Республикасына кіру кезінде Қазақстан Республикасы азаматының құжатын пайдалану арқылы елдің азаматтығы туралы заңнамасын бұзған. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК айыппұл салынумен Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды. Ұқсас құқық бұзушылықтар Риддер қаласының екі тұрғынынан анықталды, оларда мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұл төлейді, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Шетел азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру