Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Абайлаңыз, балалар!” профилактикалық шарасы өтуде

ШҚО полицейлері балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін барлық шараларды қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын оқу жылының басталуы қарсаңында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз тәртіппен байланысты олардың дағдыларын бекіту бойынша іс-шаралар өткізеді.

Бүгінгі күні облыс аумағында көлік жүретін бөлікке тікелей шығатын 228 мектеп пен мектепке дейінгі мекеме бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 900-ден астам “Балалар” ескерту жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді. 260 “жаяу жүргіншілер” өткелі тексерілді және ауыстырылды. Оқу жылының басына дейін асфальт жамылғысы бар қалалар мен елді мекендердегі 200-ден астам жаяу жүргіншілер өткелінде “Зебра” жол белгілерін жаңарту бойынша жұмыстар аяқталатын болады. Оқу орындарымен шектесетін жаяу жүргіншілер өтпесінің алдында 53 жасанды жол кедір-бұдырлығы орнатылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру