Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ауыл тұрғыны 8 қап есірткі сақтады деген күдікке ілінді

ШҚО-да ауыл тұрғыны 8 қап есірткі сақтады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде ШҚО ҰҚКД АБ қызметкерлері Шемонаиха полиция бөлімінің жедел қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі сақтады деген күдікке ілінген Верх-Уба ауылының 49 жастағы тұрғынын ұстаған.

Ер адамның үйінен сегіз қапшық ерекше иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты табылып, тәркіленді. Заттар сот-химиялық сараптамаға жолданған, оның нәтижелері бойынша қаптардың құрамы 10, 740 келі кептірілген марихуана екені анықталған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру