Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушіні анықтады

Жамбылдық полицейлер көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері автокөлікті масаң күйде басқару дерегін анықтады.

Осылайша Тараз қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін полицейлер ВАЗ-21099 көлігін тоқтатуға тырысты. Жүргізуші шағын аудандағы үйлердің біріне тоқтап, көліктен шығып, қашып кетпек болған.

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары 46 жастағы құқық бұзушыны ұстады. Жүргізушінің 2017 жылы сот шешімімен бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адам рөлде “орташа дәрежелі” мас күйде болған.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру