Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да есірткіге қарсы айлық басталды: алғашқы күні 50-ден астам есірткі граффитиі жойылды

Шығыс Қазақстан облысында 26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған айлық бастау алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның негізгі мақсаты — қоғам назарын есірткі қылмысы мәселесіне аударып, жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейту.

Алғашқы іс-шаралардың бірі ретінде ШҚО полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Жастар Рухы" жастар қанатымен және "Жастар ресурстық орталығы" КММ-мен бірлесіп арнайы акция өткізді.

Акция барысында қатысушылар облыс орталығы көшелеріне шығып, тыйым салынған заттарды таратумен байланысты интернет-ресурстарды жарнамалайтын 50-ден астам есірткі граффитиін өшіріп, бояды.

Сонымен қатар Өскемен қаласындағы студенттік жатақханаларда профилактикалық рейдтер мен жастармен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында полицейлер есірткіні қолданудың зияны, жастарды интернет арқылы есірткі бизнесіне тарту тәсілдері, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айлық аясында өңірде жастар арасында есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық, ақпараттық және әлеуметтік іс-шаралар кешені өткізілмек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру