Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ІІО және ҰҰ ардагерлерінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті

ШҚО Полиция департаментінде ІІО және ҰҰ ардагерлерінің жетінші кезекті есеп беру-сайлау конференциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге ардагерлер кеңесінің 11 мүшесі, жеті шақырылған ардагерлер, сондай-ақ онлайн режимінде – бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары және облыстың аудандық бөлімшелерінің кадрлар бойынша ІІО бастықтарының орынбасарлары қатысты.

Облыстық ІІО және ҰҰ кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев баяндама жасап, 2016-2021 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу барысында кеңеске қатысушылар төрағаны, Төралқа мүшелерін және жауапты хатшыны таңдауға, сондай-ақ қоғамдық комиссияларды құруға қатысты мәселелерді талқылады.

Іс-шара соңында Нұрлыбек Үдербаев ардагерлерге жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс айтып, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, барлығына денсаулық, сәттілік және барлық тілектерінің орындалуын тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру