Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған семинар өтті

Жастарды заңға құрметпен қарауға, жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелеу – бүгінгі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта Шығыс Қазақстан облысындағы мамандандырылған спорт-интернат колледжінде профилактикалық семинар ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны ШҚО полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері "Феникс" үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп өткізді. Семинар Мемлекет басшысы айқындаған "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру және елімізде жарияланған "Балалардың қауіпсіз болашағы кепілі жылы" аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге 9-11 сынып оқушылары қатысты. Семинар барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Шара аясында оқушыларға "Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз" республикалық акциясының мақсаты мен маңызы түсіндіріліп, қолданыстағы заңнама талаптары жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар зорлық-зомбылық пен агрессия көріністеріне бейжай қарамаудың маңыздылығы айтылды.

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға басымдық берілген кездесуде оқушыларға қауіп-қатер белгілерін дер кезінде тану, күрделі жағдайларда қайда және кімге жүгіну қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ сыйластық, өзара түсіністік пен жауапкершілік қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты негізі екені атап өтілді.

Ашық диалог форматында өткен кездесу қатысушыларға пайдалы ақпарат алып қана қоймай, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлері мен өмірлік көзқарастарын еркін жеткізуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру