ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері қаза тапқан әріптестерін еске алды
Шемонаиха қаласында қаза тапқан қызметкерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Конституциясын мерекелеу қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/6, 14, 15, 16 мекемелерінің басшылығы мен жеке құрамы қызметтік және әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Қаза тапқан қызметкерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі 26 тамызда Шемонаиха қаласында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/6 мекемесінің аумағында өтті.
– Бұл күні біз ішкі істер органдарының барлық қаза тапқан қызметкерлеріне құрмет көрсетеміз. Отанға шексіз қызмет етудің үлгісі болған олардың есімдері мен ерліктері біздің жүрегімізде мәңгі қалады, – деді ОВ-156/6 мекемесінің бастығы К.Агиспаев.
Қызметтік борышын орындау кезінде мекеменің екі қызметкері қаза тапты. Қайтыс болған офицерлердің отбасылары ШҚО бойынша ҚАЖД мекемелері қызметкерлерінің қамқорлығында.
Мекемелерде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына материалдық қолдау көрсетіледі.
Сондай-ақ, ОВ-156/6, 14, 15, 16 мекемелерінің кадр аппаратының өкілдері ОВ-156/6 мекемесінде қызмет еткен, қаза тапқан Шалқар Сәрсекановтың отбасына барды. Мекемелердің жеке құрамы Шалқар Сәрсекановтың ұлына мектепке қажетті заттарды сатып алу үшін ақшалай қаражат жинауды ұйымдастырды.
Шалқар ең жақсы қызметкерлердің бірі, спортшы және адал отағасы болды. Қызмет барысында ол жоғары нәтижелер көрсетіп, спортта жүлделі орындарға ие болған. Осыған қарамастан, Шалқардың тағдыры басқаша болып, күрестен спорттық жарыстардағы кезекті жеңісінен кейін үйіне қайтып келе жатқанда өмірі қиылды.
Қаза тапқан қызметкердің жесірі құқық қорғаушыларға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтып, өзінің жылы лебізін білдірді.