Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталғандарға ұялы телефондар мен ішімдік кіргізбек болғандар ұсталды

ШҚО аумағында орналасқан төрт мекемеге төрт жігіт бірнеше ұялы телефон мен ішімдікті лақтырмақ болған кезде ұсталды. Ұсталғандарға әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелерінде тыйым салынған заттарды лақтырудың төрт бірдей әрекетінің алды алынды.

Мәселен, ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/3 колониясының қызметкерлері аумақтың сыртқы периметрін күзету кезінде арнайы дайындалып келіп мекеме аумағына орамдарды лақтырмақ болған. Ұсталған азаматты тексеру кезінде одан скотчпен оралған жинақтар тәркіленді. Оның ішінен бірнеше ұялы телефон мен қуаттағыштар тәркіленді.

ОВ-156/20 мекемесіне 43 жастағы жігіт Алматыдан хабарласып, өтініш жасаған жолдасына көмекстеспек болып, 7 литр ішімдік пен бірнеше телефондарды колония аумағына лақтыру кезінде ұсталды.Сонымен қатар, Семей қаласындағы ОВ-156/15 мекемесінің сыртқы аумағынан тыйым салынған заттарды тасымалдаған кезекті “курьер” ұсталды.

Ол мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың ұялы байланыс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, мекемесінің қоршауы арқылы ұялы телефондарды, қуаттағыш пен ойын карталарын лақтырмақ болған.

 – Сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттарды алып кіруін болдырмау және алдын алу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады, олардың келіп түсуінің барлық тәсілдерінің алды алынуда, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Қанат Зиянов.

Қазіргі уақытта ұсталған үш адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру