Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да теологиялық оңалту инспекторларының жұмысы жалғасып жатыр

Теологиялық оңалту жұмысының инспекторлары және Шығыс Қазақстан облысы бойынша дін істер зерттеу орталығы Ов 156/1 мекемесінің тергеу изоляторындағы сотталғандармен кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлемде болып жатқан жағдай адамдардың өмірімен бірге жұмыстарына да әсер етті. Өскемен қаласында орналасқан тергеу изоляторының теологиялық оңалту жұмысы тобы қызметкерлерімен ШҚО бойынша дін істер зерттеу орталығы қызметкерлері бірлесе отырып, жоспарланған жұмыстарын онлайн режимде (видео-скайп байланысы арқылы) өткізді.

Осы уақыт аралығында  тергеу изоляторындағы дін ұстанушы сотталғандармен алты кездесу  видео-скайп байланыс жүйесі арқылы өткізілді. Кездесулер дін істер мәселелерін зерттеу орталығы қызметкерлерімен видео-скайп арқылы жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру