Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да тұрғын біреудің байлаулы бұзауын ұрлап кетті

ШҚО-да тұрғын біреудің байлаулы бұзауын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Шемонаиха АПБ кезекші бөліміне ауданның 50 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз біреу еркін қол жеткізу жолымен үй қоршауының артынан байлаудағы төрт айлық қара-ала бұзауын жасырын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын 150 мың теңгені құрады.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, бұрын бірнеше рет сотталған 50 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, жеткізілді. Жануар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру