Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да заңсыз ағаш кескендер анықталды

ШҚО-да заңсыз ағаш кескендер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының басында Бесқарағай АПБ кезекші бөліміне “Семей Орманы” ММ директорынан орман күзетінің қызметкерлерімен орман алқабын патрульдеу барысында ағаштардың заңсыз кесілгені туралы өтініш келіп түсті.

Талқылау барысында көлемі 56,5 текше метр 112 дана “қарағай”, сондай-ақ көлемі 0,3 текше метр 25 дана “көктерек” кесілгені анықталды. Жалпы залал шамамен 350 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар Семей қаласының 40 жастағы тұрғыны және Бесқарағай ауданының 43, 46, 30, 51 жастағы тұрғындары болып шықты. Олардан трактор, тіркеме және кесілген ағаштардың бөренелері алынды.

Бүгінгі күні оларға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 340-бабы 3-бөлігі (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру