Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО колониясына тыйым салынған заттарды өткізбек болған курьер ұсталды

ШҚО колониясына тыйым салынған заттарды өткізбек болған курьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ қызметкерлері колонияның іргелес аумағын патрульдеу барысында оларды көрген кезінде қадамын тездеткен ер адамды байқап, ұстады. Анықталғандай, ұсталған 36 жастағы ер адам сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды, атап айтқанда екі телефонды, телефон қуаттағыштарын және бір USB-шнурын қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің негізгі қоршауы арқылы лақтырмақ болған. Мән-жайларды анықтау барысында “орама” ұсталған азаматқа таныс емес Ж. есімді сотталғанға арналғаны белгілі болды. Ұсталған азаматқа “ораманы” белгісіз адамдар бергенін мойындап, оған негізгі қоршау арқылы лақтырып бергені үшін жақсы сыйақы беруге уәде еткен.

– Мұндай іс-шаралар мекеме қызметкерлерінің негізгі жұмысына қарамастан, сотталушылардың пайдалануына тыйым салынған заттардың мекеме аумағына заңсыз кіруін алдын алу мақсатында жүргізіледі, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Арслан Мухаметжанов.

Қазіргі уақытта аталған азаматқа қатысты хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі бойынша жаза қарастырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру