Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда Қазақстан полициясына 30 жыл толу мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Атырауда Қазақстан полициясына 30 жыл толу мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция​ депарментінің қызметкерлері 23 маусым – Қазақстан полициясының 30 жылдығын атап өтті. Махамбет Өтемісұлы атындағы​ Атырау облыстық академиялық​ драма театрында өткен салтанатты шараны Атырау облысы ПД​ бастығы құттықтау сөзімен ашты.

– Құрметті ардагерлер, әріптестер! Бұл күн – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагергерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімін білдіру күні. Бұл күн – бүкіл ел бойынша бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып та саналады. Арамызда бүкіл саналы ғұмырын ішкі істер органдарына арнаған ардагерлеріміз отыр. Сіздердің ІІО-дағы ұзақ жылғы еңбектеріңіз елге қалтқысыз қызмет етудің шынайы үлгісі болып отыр. Сіздерге зор алғысымды білдіремін! Елімізден әрқашанда бейбітшілік пен татулық кетпесін, –  деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Мерекелік шара барысында Ішкі істер органдарында айрықша үлес қосып жүрген тәртіп сақшылары ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың, Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновтың, Полиция департаменті бастығының құттықтау хатымен марапатталды. Сондай-ақ, қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін бірнеше қызметкердің атқаратын лауазымдық шені мерзімінен бұрын жоғарылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру