Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы ІІО ардагерін 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков отставкадағы полиция полковнигі Надежда Колпакованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, амандық және ұзақ өмір тіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Надежда Колпакова ІІО қызметіне 40 жылға жуық өмірін арнаған. ҚазҰУ-ды бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы ІІБ-ға жолдама алған және көп ұзамай аппараттың тергеу жұмысына бар ынтасымен кіріскен. Сатылмаушылық, принципшілдік, еңбекқорлық стильдері тергеуші Колпакованың жаңа кәсіби биіктерді бағындыруына көмектескен.

Ол өмір бойы сүйікті ісімен айналысқан, тергеу ісінде бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жеткен және сол жылдары Шығыс Қазақстан облысындағы тергеу қызметіндегі алғашқы әйел полковник деңгейіне жетіп, қызмет сатысымен жоғары көтерілген мінезді, аңыз әйел.

Менің жолым болды. Маған соғыста қолын немесе аяғын жоғалтса да, өмірде адалдығын жоғалтпаған адамдар тәлімгер болды, – дейді ол.

Надежда Колпакова 1956 жылы жас маман тергеуші, содан кейін аға тергеуші, кейін экономикалық қылмыстар бойынша аса маңызды істер жөніндегі тергеуші болып тағайындалған.

Ол “Қоңырау емес, заң бойынша жұмыс істе!” деген қанатты сөзді мәңгі есінде сақтаған. Бұл лауазымда және осы бағытта жұмыс істеу ерекше сақ болуды қажет етті, өйткені ұрылар жоғары лауазымдарда отырған және мықты байланыстары бар білікті мамандар болды.

Мұндай адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үлкен қиындық тудырса да, “жоғарыдан” қысым жасалса да, ол әрдайым шындықтың түбіне жететін.

Полиция тергеушілері оған үлкен құрметпен қарайды және қашанда ол кісіні қуанышпен қарсы алады. Тергеуші Колпакова полиция кителін шешкеніне 25 жылдан астам уақыт болғанына қарамастан, әлі күнге дейін өзінің моральдық негіздеріне адал.

Ардагер қонақтарға жылы лебіздері үшін алғыс айтып, әріптестеріне қызметте табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру