Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы жол ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

ШҚО ПД бастығы жол ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 тамызда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар шеңберінде ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков «Қазақавтожол» ЖШС Шығыс Қазақстан филиалына барып, оның басшысы Серік Ақтановпен кездесті.

Жұмыс кездесуі барысында Серік Жүнісбеков жол қауіпсіздігі, жол белгілерін уақытылы орнату, жол белгілерін салу, шұңқырларды жөндеу бойынша проблемалық мәселелерді талқылады.

– Бүгінгі күні 156 км жолдың таңбалық бояуының болмауына байланысты 4 ұйғарым орындалмаған, осы учаскелерде шұңқырларды жөндеу аяқталған жоқ. Қабылданған шараларға қарамастан, қызмет көрсетілетін жолдар желісінде жол белгілерін жедел ауыстыру бойынша кемшіліктер бар. Бұл кемшіліктер оларды ауыстыру үшін жол белгілерінің қажетті қорының болмауына байланысты. Қазіргі уақытта Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 8400 жол белгісі орнатылған. Мемлекетаралық стандарт талаптарын ескере отырып, жол белгілерін пайдаланудың ең ұзақ мерзімі пайдалануға берілген күннен бастап кемінде 5 жылды құрауы тиіс. Осыған байланысты «Қазақавтожол» ЖШС филиалында жыл сайын кемінде 1 000 белгі (жыл көлемінде) дайындау үшін сертификатталған жарық шағылыстырғыш жабын мен металдың (табақша, құбыр және т.б.) қажетті саны резервін құра отырып, жол қозғалысын реттеудің қажетті техникалық құралдарын (белгілерді) өндіру бойынша меншікті цехтардың жұмысын ұйымдастыруды ұсынамыз. Бұл шаралардың барлығы жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетін арттыруға, жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, облыстың автожолдарында жарақаттану мен өлім – жітімді азайтуға бағытталған, – деп атап өтті Серік Жүнісбеков.

Өз кезегінде Серік Ақтанов бұл проблемалық мәселелердің барлығы жақын арада жедел шешілетініне сендірді.

Кездесу соңында ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков филиалдың өндірістік базаларына барып, мамандандырылған техниканың, жол белгілерінің бар-жоғын және жарамдылығын тексерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру