Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да жас полиция қызметкерлеріне арналған республикалық акция өтті

ПД-да жас полиция қызметкерлеріне арналған республикалық акция өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ұрпақтар сабақтастығы" және "Ұлттық құндылықтар" жобалары, сондай-ақ "Зерделі ұлт" бастамасы аясында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінде маңызды шара ұйымдастырылды.

–  Кітап – адамды ойлануға, ізденуге және білімін жетілдіруге жетелейтін рухани қазына. Жас қызметкерлердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру – біздің ортақ міндетіміз. Өзім оқыған, тағылымы мол кітапты кейінгі буынға сыйға тарту арқылы олардың рухани дамуына аз да болса үлес қосуды жөн көрдім, - деді ШҚО ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Удербаев.

Акция барысында ардагерлер жас қызметкерлерге естелік қолтаңбалары мен жүрекжарды тілектері жазылған кітаптарды сыйға тартты.

Мұндай бастамалар ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда, патриотизм рухында тәрбиелеуде және жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулуда маңызды қадам болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру