ШҚО полицейлері іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді
ШҚО полицейлері іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 30 жастағы іздестірудегі қылмыскерді ұстады.
Ұсталған азамат бұған дейін ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен (Адам өлтіру) сотталған болатын.
Сот қаулысына сәйкес, ол қалған өтелмеген мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алайда тұрғылықты жеріне келмеген, сәйкесінше оған Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен іздестіру жарияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан құқық қорғау органдары іздестірудегі 40 қылмыскерді ұстады.