Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік жас түлектер полиция музейі мен ЖБО-ға экскурсия жасады

Шымкент қаласы полиция департаменті музейінде ашық есік күні өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық музей күні мерекесіне арналған шара, кәсіби мамандықты дұрыс таңдау бағытына арналды.

Музей ісінің маманы Гульнар Шалқарқызы Шымкент қаласы “Арман” мектеп гимназиясының оқушыларына құқық қорғау саласының қыр-сыры туралы түсіндіріп, полицияның өткені мен бүгіні жайлы тың ақпараттар берді.

Экскурсияның мақсаты – тәртіп сақшыларының үздіксіз еңбегі мен қызмет барысындағы көзсіз ерліктері туралы дәріптеп, жас буынның құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыру.

“Арман” мектеп гимназиясының шәкірттері департамент музейіндегі құнды жәдігерлерге қызығушылықпен қарап, кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Екатерина Точиловаға тәртіп сақшысы атану үшін қандай талаптар қойылатыны туралы сан-түрлі сауалдар жолдады.

Сондай-ақ департамент бастығының орынбасары Сырым Абдуллаев жасөспірімдерді жедел басқару орталығына апарып, мегаполис тіршілігін бейнекамералар арқылы бақылауға мүмкіндік сыйлады.

Жедел басқару орталығының бастығы Асқар Алипбаев пен оның әріптестері оқушыларды қуана қарсы алды. Оларға шаһардағы көлік қозғалысын, мектептер мен саябақтардың жай-күйін және автобустардағы камералар мен “SOS” батырмасының қалай жұмыс істейтінін көрсетті.

Оқушыларға құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы ескертіп, полицияның цифрландырылған қосымшаларын таныстырды.

Ашық есік күні қарсаңында Шымкент қаласы полиция департаментінің музейіне 150-ден астам қонақ келді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру