Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді

ШҚО полицейлері іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 30 жастағы іздестірудегі қылмыскерді ұстады.

Ұсталған азамат бұған дейін ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен (Адам өлтіру) сотталған болатын.

Сот қаулысына сәйкес, ол қалған өтелмеген мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алайда тұрғылықты жеріне келмеген, сәйкесінше оған Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен іздестіру жарияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан құқық қорғау органдары іздестірудегі  40 қылмыскерді ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру