Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері мен еріктілер жоғалған жасөспірімді тапты

ШҚО полицейлері мен еріктілер жоғалған жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 мамыр күні сағат 23:08-де Жарма АПБ Шар қаласының полиция бөліміне таңғы сағат 09:30-да алаңдаған әкеден қоңырау келіп түсті. Ол  үйден шығып, кәмелетке толмаған баласы қайтып келмегенін жеткізді. Бірнеше сағат бойы ата-аналар баланы өз бетінше табуға тырысқан, алайда іздеу нәтижесіз болмағандықтан, олар полицейлердің көмегіне жүгінген.

Жарма аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу дабыл бойынша көтеріліп, кәмелетке толмағанды іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. Сондай-ақ, ПД басшылығы дереу оқиға орнына жетіп, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар баланы іздеуге шыққан.

Баланың баруы мүмкін болатын орнындарды анықтау үшін полицейлер жасөспірімнің араласатын таныстарымен жұмыс жүргізген. Барлық аулалар, үйдің шатырлары мен құдықтар тексерілді. Іздеу жұмысы түні бойы жалғасты. Полиция қызметкерлерінің ұйымдасқан жұмысының нәтижесінде, таңертең жетінші сынып оқушысы қараусыз қалған үйден табылды.

Белгілі болғандай, таңертең бала жақындарымен жанжалдасып қалғандықтан үйден кетіп, қаланың шетіне қарай бет алған, ол жақта қараусыз қалған үйге барып түнеген. Баласын бауырына құшқан ата-ана полицейлерге кәсіби шеберлігі мен ұйымдасқан нәтижелі жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру