Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі ақтөбелік “банк қызметкеріне” алданып қалды

Екі ақтөбелік “банк қызметкеріне” алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің алдын алу шараларына қарамастан, ақтөбеліктер алаяқтардың арбауына әлі де алдану үстінде. Көп жағдайда олардың схемасы қарапайым: SMS кодтар, шоттар мен карталар туралы басқа құпия ақпаратты сұрап алады және соманы шоттарыңыздан өзіне аударып алады.

Алаяқтардың арбауына екі ақтөбелік түскен. Ұялы телефоннан бейтаныс адам хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Кейін телефонға жіберілген SMS-хабарламадағы кодты сұрап, өз шоттарын алаяқтан қауіпсіздендіруді ұсынды. Алаяқ зардап шеккендердің карталарынан барлық соманы басқа банктік шотқа аударып алды.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру