Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері республикалық чемпионаттардың жүлдегерлері атанды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері республикалық чемпионаттардың жүлдегерлері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев спортта ерекше көзге түскен ШҚО ПД жедел қимылдайтын арнайы жасағының (ЖҚАЖ) қызметкерлерін салтанатты түрде құттықтады.

Сіздерге шын жүректен дене дайындығы мен жігерліктеріңізді жоғалтпауды, алға қойған барлық мақсаттар мен ұлы жеңістерге қол жеткізулеріңізді, өз күштеріңізге күмәнданбауды және сәттілікке сенуді, жеке рекордтарды орнатуды және жай ғана бақытты адам, құрметті, бейтарап полиция қызметкері болуды тілеймін, – деді өз сөзінде  Cағат Мадиев.

Облыстың бас полицейі жаттықтырушылар мен туыстарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, соңында ерекше көзге түскен спортшыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 31 наурызы мен 4 сәуірі аралығында Семей қаласында кикбоксингтен ҚР чемпионаты өтіп, ЖҚАЖ инспекторы Александра Сей 3 орынға ие болды.

31 наурыз бен 7 сәуір аралығында Ақмола облысының Шортанды қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионатында да полицейлер көзге түсті.

Бұл жарыста 1-орынды ЖҚАЖ инспекторыполиция аға лейтенанты Әсел Жұмақаева жеңіп алды, ал күміс медаль оқу-жаттығу взводының 1-санатты аға инспекторы Айбек Сәметаев пен ЖҚАЖ кезекшісінің көмекшісі Аманжол Нұралыұлына бұйырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру