Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО пробация қызметкерлері аязды күндері азаматтарға көмек қолын созуда

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметкерлері “100 игі іс” акциясын бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінің мобильді тобы аязды күндері аялдамаларда автобус күтіп тұрған азаматтарға көмектесуде. Олар қала тұрғындарына келіп, өз көмектерін ұсынады. Қызметкерлер бірінші кезекте жас балалары бар әйелдерге, қарт адамдарға көмектесіп жатыр.

– Аязды күндері мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылды, бірақ адамдар жұмысқа барып жүр. Мысалы, таңертең 8-дер шамасында бір әйел адам аялдамада алты жастағы баламен 40 градус аязда автобус күтіп тұрды. Біз тоқтап, көмегімізді ұсындық. Ол бас тартқан жоқ. Айтуынша, жұмысқа бара жатыр екен, алайда баласын үйде жалғыз қалдыра алмағандықтан, оны анасының үйіне апару үшін автобусты күтіп отырған, – деді Солжағалау ауданының пробация қызметінің аға инспекторы Эльвира Смағұлова.

– Біз аталған акцияны қаңтар айының басында бастадық, содан бері жүздеген адамды үйлеріне, жұмыстарына жеткіздік. Біреуге көмектесіп, адамдардан алғыс алғанда керемет сезімде боласың, – деп толықтырды Эльвира Смағұлова.

Бұл акция аязды күндер аяқталғанша жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтардан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Өскемен қаласының мектептерінде сабақтар тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру