Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық азамат кабель ұрлаумен айналысқан

Қарағанды облысының полицейлері кабель ұрлаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтар күні Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөліміне қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен белгісіз біреудің 180 метр кабель ұрлағаны туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын көлемі 7 мың теңгеден асқан.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Істі тергеу барысында полиция қызметкерлері осыған ұқсас 13 қылмыстың тіркелгенін анықтады. Қылмыстардың барлығы бір жыл ішінде жасалған және жәбірленуші тарап аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екені белгілі болды.

Барлық жағдайда күдікті елдің барлығы жұмыста болатын күндізгі  уақыттарда көпқабатты үйлерден кабелдерді кесіп әкетіп отырған.

Ол жалпы ұзындығы шамамен 5 шақырымдай болатын кабелдерді кесіп әкеткен. Келтірілген шығын құны 200 мыңнан асқан.

Осы факт бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше күн ішінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат қылмысын мойындады.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру