Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық жүргізуші енді 7 жыл бойы көлік басқара алмайды

Қызылордада мас күйінде көлік басқарған азамат 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қызылорда қаласы Қонаев көшесінің бойында “Тойота Камри” маркалы автокөлікті тоқтатты.

Құжаттарын тексеру барысында 35 жастағы жүргізушінің автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама ресімделіп, материал сотқа жолданған.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру