Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тергеу изоляторына 300 жыл толды

Шығыс Қазақстан облысының тергеу изоляторына биыл 300 жыл толды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 1765 жылы бұл ағаш бекініс түгелдей өртеніп кеткен екен,- деді мекеме бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев. – Осылайша жаңа бекініс құрылысы басталыпты. Сол мезетте қала түгелімен бекіністен қалған  33 гектар жер аумағына созылған жер төмпешіктерінде қалып қойды. Қала және бекініс біртұтас болды. Бекініс маңында ауылдар, тұрақтар пайда болды. XIX  ғасырдың ортасына қарай бекініс құрылысының жобасы бекітілді, бұл қаланың бас жоспары болып табылды. Бекініс маңындағы үйлердің құрылысы мен тұрғындардың санының өсуіне байланысты 1804 жылы қалашық болып қалыптасты, ал 1868 жылы Семипалатинск  губерниясы шағын қалашығы, Усть-Каменогорск қаласына атауына өзгертіліпті, – деп қосты Ғалымжан Балтабаев.

Құжаттарға сүйенсек 1879 жылдың қараша айының 27-де бекініс әскери теңгерімінен шығарылып, қалаға беріліпті. Бекініс төмпешіктері Өскемен қаласында осы уақытқа дейін сақталған. Тура төмпешік үстінде қалалық түрме, одан сәл жоғары – шіркеу орналасқан.

20-ғасырдың басының өзінде біздің қала сегіз көшеге, 12 айналымға есептелген. Қалалық құрылыс арасында бір қабатты ағаш үйлер, қос қабатты мемлекеттік үйлер бой көтерді.

Мұрағаттың мәліметтері бойынша, 1922 жылға дейін катрожді түрмесі ретінде қолданылған, 1912 жылдан бастап 1918 жылға дейін ғимаратта айыппұл батальоны болды, одан кейін түрме ғимараты механикаландыру мектебі ретінде қолданылды, кейін тергеу изоляторы ретінде қайта жабдықталып, 1967 жылға дейін  №17 Түрме деп аталды, ал  1967 жылдан бастап №17 Тергеу изоляторы болды.

– Заманауи  тергеу изоляторы  мекемесінің аумағында мекеменің паспортына сәйкес, 1720 жылы салынған ғимарат орналасқан, – деді Ғалымжан Балтабаев. 1720 жылы Усть-Каменная бекінісінің негізі қаланған, 2008 жылы мәдени және тарихи ескерткіш ретінде танылып, мемлекеттік ескерткіштердің тізіміне енгізілді. Бүгінде мұнда 400-ге жуық тергеу амалымен қамауға алынған адамдар отыр. Тергеу изоляторында 50 ер адамдарға арналған камералар және 15 әйел адамдарға арналған камералар бар. Жалпы изолятор өте жақсы сақталған. Ерекше жөндеу жұмыстарын қажет етпейді, – деді Ғалымжан Балтабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру