Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны WhatsApp-та әпкесін қорлағаны үшін жазаланды

ШҚО тұрғыны WhatsApp-та әпкесін қорлағаны үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО тұрғыны әпкесінің WhatsApp қосымшасына балағат сөздермен аудиожазба жазып, әпкесі мен оның күйеуін қорлағаны үшін ол 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

2020 жылдың күзінде ШҚО тұрғыны әпкесімен және оның күйеуіне әдепсіз қарым-қатынас көрсеткен. Жәбірленуші жазбаны сақтап, оны сотқа берген.

Әпкелер арасында анасының мұрасына байланысты жанжал шыққан.

Сот әйелді құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тағайындады.

– Сотталған пробация қызметінде есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті органға жіберілді. Сондай-ақ пробация қызметінің инспекторлары әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және одан әрі жұмысқа орналастыру туралы мәселені қарастыруда, – деді пробация қызметінің бастығы Алмас Бұйратов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру