Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу тұрғынын тонаған күдікті ұсталды

Жамбылдық полицейлер Шу тұрғынын тонаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 8 қаңтарда таңертеңгі сағат 07.45 шамасында белгісіз біреу күш қолдану арқылы Шу қаласында көшеде кетіп бара жатқан азаматшаның  сөмкесі мен “Mi A2 Lite” маркалы ұялы телефонын және басқа да заттарын ашық түрде тонап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен Шу қаласының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Айғақ заттардың барлығы тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру