Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтық үшін 28 адам жауапқа тартылды
Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтық үшін 28 адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың сәуір айында көші-қон қызметінің қызметкерлері облыс аумағында қос азаматтығы бар азаматтарды анықтады. Глубокое аудандық ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланған, сол арқылы азаматтық туралы заңнаманы бұзған Ресей Федерациясының азаматын анықтады. Сонымен қатар, Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алып, квазимемлекеттік секторда жұмыс істеп жүрген басшы қызметін жалғастырған Семей қаласының тұрғыны анықталды.
Анықталған шетелдіктерге қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, 100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабына әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді. Алайда, елден тыс жерлерге уақытша шығатын азаматтар басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдайды, сол арқылы Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзуға жол береді.
– ПД Көші-қон қызметі басқармасы тұрақты негізде қос азаматтықтың болуын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері қос азаматтық үшін – 28 азамат, оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактілері туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін – сегіз азамат, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны үшін – 20 азамат тартылды,- деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.